Керемет тіл үйірер тәтті «чизкейк-тарталетка» десертті дайындағыңыз келе ме? Бұл оңай және дәмді!

Үгітілмелі қамыр

  • Ұн – 110 гр. (1)
  • Қант ұнтағы – 160 гр.
  • Тұз – 3 гр.
  • Бадам ұны – 50 гр.
  • Сары май – 250 гр.
  • Жұмырқа – 75 гр.
  • Ұн – 330 гр. (2)
  • Ваниль езбесі (қалауыңызға қарай)

Қадам 1: Миксер ыдысында ұн (1), қант ұнтағы, тұз, бадам ұны және мұздатылған сары майды (төрт бұрыштап кесілген) ұнтақталғанша араластырамыз.

Қадам 2: Осы қоспамызға жұмыртқаны қосып араластырамыз, содан кейін ұн(2) қосып, тез қолымызбен қамырды шар тәріздес қылып жинап, тоңазықышқа 30 мин қоямыз. Содан кейін қамырды екі пісірме қағаздың арасында жаямыз да, тағы да 30 мин тоңазытқышқа қоямыз. Содан кейін тарталетка пішініне сай ойып алып, тарталетка жасаймыз. 160 C 10 минуттай сарғайғанға дейін пісіреміз.


Қытырлақ салма

  • Сүтті шоколад – 150 гр.
  • Пралине – 50 гр.
  • Вафель ұнтағы – 100 гр.

Қадам 1: Шоколадты ерітіп пралине мен вафель ұнтағын қосып араластырамыз.

Алдын - ала сұрақтарынызға жауап беретін болсам - пралине арнайы кондитерлік дүкендерде сатылады немесе өзіңіз жасасаңыз болады. Вафель ұнтағы да арнайы кондитерлік дүкендерде сатылады.

Қадам 2: Бұл салманы тарталетканын астына жұқалап саламыз.


Чизкейк

  • Сүзбелі ірімшік – 1000 гр.
  • Шекер – 260 гр.
  • Жұмыртқа – 250 гр.
  • Жүгері крахмалы – 60 гр.
  • Кілегей 33% – 90 гр.

Қадам 1: Барлық ингредиенттерді миксерде араластырамыз.

(Мен Асдекор кондителік дүкендер желісінің “А ла Каймак” ірімшігін қолдандым @asdecor_almaty )

Қадам 2: Ыдыстарға құйып 110 C ,1 сағаттай пісіреміз.

Қадам 3: Суытып, салқындатқаннан кейін пішіндерден шығарып, 150 гр. нейтральный глазурьді ысытып, ас бояуын қосып араластырып алып, чизкейктердің үстіне құямыз. Чизкейктерді алдын - ала дайындаған тарталеткалардың үстіне қоямыз. Қалауымызша әрлейміз, мен шоколадпен безендіріп, шеттерін кептірілген таңқурай ұнтағымен жаптым, үстіне кандурин септім.

Егер осы тәттіні пісірсеңіз, әлеуметтік желіде #cakewithcakeland хештегімен бөлісе отырыңыздар. Бөлісу арқылы бізді келесі жолы тағы да сіздермен жаңа дәмді рецептілермен бөлісуге шабыттандырасыздар!

Ас болсын!


Менюді PDF пішімінде қазақ тілінде жүктеу

Скачать Меню в PDF формате на русском языке